Елімізде тағы бір курсант жұмбақ жағдайда көз жұмды
Елімізде тағы бір курсант жұмбақ жағдайда көз жұмды
Қайғылы жағдай екі күн бұрын болған. Дегенмен оқиға орнында қып-қызыл қан іздері әлі жатыр. Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Асылжан Абдуллаев – Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты. Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Бірақ оның Талдықорғанда қайтыс болғанын естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баламызды өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін деп топшылайды.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.
Айта кетейік, өңірде соңғы жылдары жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткен. Мәселен жыл басында Алакөл аудандық мәслихаты депутатын өлтіріп кетсе, іле-шала қала көшелерінің бірінен тамағы кесілген екі адамның денесі табылған. Десе де, облыстық полиция департаменті аймақта криминалды ахуал тұрақты деп хабарлап отыр. Олар күнделікті тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жұмыстар атқарылып, іс дер кезінде жабылатынын айтты.
-->Қайғылы жағдай екі күн бұрын болған. Дегенмен оқиға орнында қып-қызыл қан іздері әлі жатыр. Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Асылжан Абдуллаев – Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты. Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Бірақ оның Талдықорғанда қайтыс болғанын естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баламызды өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін деп топшылайды.
Ол өзіне қол сала алмайды. Біреу дайындаған шығар? Таксиден түсіп, 3 сағатқа пәтер жалдап, оның ақшасын төлеген. Демек, кінәлі адам бар, – дейді марқұмның әкесі Асхат Мыңжасаров.
Кішкентайынан тәп-тәтті ерекше бала болды. Өзіме қатты жақын еді. Папасы да, мен де ерекше жақсы көрдік. Мінезі өте жақсы, сыныбында сыйлы болды. Бәрі «Аса» деп еркелететін. Үйден шыққанда да көңіл күйі жақсы болды, – дейді марқұмның анасы Анаргүл Мыңжасарова.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.
Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.