Елімізде үй жануарлары жол-көлік оқиғаларына себеп болып, 8 адам қаза тапқан
Республикалық трассаларда 300-ден астам қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – үй жануарларының жолдарға шығып кетуі, деп хабарлады Elorda.info.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, осы жылдың соңғы бес айында жануарлар 32 жазатайым оқиғаға себеп болған. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 41 адам зардап шеккен.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көп тіркелген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде жол қызметкерлері жылқы мен сиырдың муляждарын орнатып жатыр.
-->Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, осы жылдың соңғы бес айында жануарлар 32 жазатайым оқиғаға себеп болған. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 41 адам зардап шеккен.