Оқиға

Елімізде 196 мал ұрысы ұсталды

Іс-шараны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәселен, Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар қараша айынан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен. Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген. Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан далалы аймаққа үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген, – деп жазылған хабарламада.

Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.

Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет:

-қойшының қарауынсыз малды қалдырмаңыз. Сіз, ол және әкімшілік арасында үш жақты шарт жасаңыз;

-қазіргі кезде кең таралған техникалық құрылғыларды, малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;

-малды таңбалауды немесе чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта мал іздеуде және иесін анықтауда көмектеседі.

-->