Оқиға

«Елең еткізер фактілер көп»: Дина Төлепберген Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Танымал журналист Дина Төлепберген өзінің Instagram парақшасында әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Есінен танып құлады ма әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматы секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты», – деді Дина Төлепберген.  

Журналист әскердегі дәретханада интимдік шекара жоқ екенін атап өтті. 

«Очко» деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте «очко» деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі «очкода» Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты», – дейді журналист.

Айта кетейік,  6 айдан аса комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханадан үйге шығарылды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)