Экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2025 жылғы 18 шілдеде экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаш әйелін жылдар бойы ұрып келді деп айыпталған болатын.
2025 жылдың 4 сәуірінде полиция экс-дипломаттың қамауға алынғаны туралы хабарлады. Бүгін, 18 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны жұбайын азаптағаны үшін кінәлі деп тапты.
«Сәкен Мамаш өзіне материалдық тәуелді адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды», – деген үкімді оқыды судья.
Қылмыстық қудалау органы Сәкен Мамашты қасақана жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыр зиян келтірмей, материалдық тәуелділікте болған адамға тән және психикалық азап келтіргені үшін (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) айыптаған.
Айта кетейік, Сәкен Мамаштың 10 жыл бойы әйелі Каринаны ұрғаны туралы 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. Содан кейін әйел қоғам қайраткерлерінен көмек сұрап, өз тарихын әлеуметтік желілерде айтып берді. Ол жұбайынан дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге жіберілуін сұрады. Осыдан кейін ҚР СІМ жауап берді, ал Астана полициясы қылмыстық істі бастады.