Екі гектар мемлекетке қайтарылды: Жетісуда заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салмақ болған
Жетісуда прокурорлар жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген. Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару Департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды.
«Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», — делінген хабарламада.