Оқиға

Діни-экстремизмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді,- делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

 Үкім заңды күшіне енді.