Депутаттың баласының қол арбасы өртенген: 32 жастағы күдікті ұсталды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің Алматыдағы пәтерінің алдында белгісіз біреулер баласының қол арбасын өртеп жіберген, деп хабарлады Elorda.info, халық қалаулысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Полиция осы мәселеге қатысты бір азамат күдікті ретінде қолға түскенін хабарлады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
-->Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік,-деп жазды мәжілісмен.
Полиция осы мәселеге қатысты бір азамат күдікті ретінде қолға түскенін хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды,- деп жазды ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.