Оқиға

Дәрігерлер ұшақта есінен танып қалған жолаушыны аман алып қалды

9 шілдеде Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенет жайсыз сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сол сәтте ұшақ бортында болған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен Алматы қаласындағы Arsamed клиникасының дәрігері Зағира Анық шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

Олар ұшақ қонғанға дейін жолаушының жағдайын бақылаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.