Оқиға

Дүкен кассасын тонаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Астана қаласы Алматы  ауданы ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дүкен кассасынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info

 

Polisia.kz сайтының жазуынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, 28 жастағы Ақмола облысының тұрғынын анықтаған. 

Осы дәйекке байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

-->

 

Polisia.kz сайтының жазуынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, 28 жастағы Ақмола облысының тұрғынын анықтаған. 

Тәртіп сақшыларының қаскүнемді табуына қылмыс жасалған сәттің бейнебақылау камераларына жазылып қалғандығы көмек болған. Аталған күдікті таңғы сағат 04:30 шамасында ет сататын дүкенге терезені сындырып кіріп, кассадан 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып үлгерген. Оның бірден оқиға орнынан ізін суытып, жымқырған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап тасатағаны белгілі болған,- деп жазды дереккөз. 

Осы дәйекке байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.