Cотталғандарға күш көрсеткені үшін департамент бастығы жұмыстан шеттетілді
Әлеуметтік желіде Ақмола облысы, Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео тараған болатын, деп хабарлады Elorda.info
Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар тағы 11 қызметкер Ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығаруға шешім шығарылған.
Қазіргі уақытта прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
-->Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желілерде орналастырылған бейне бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің арнайы құралдарды қолдана отырып, заңды талаптарына бағынбау фактілерінің жолын кесу кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайынан асып кету белгілері байқалатынын хабарлаймыз. Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқаратын лауазымдарынан шеттетуге ұсынылды,-делінген ІІМ ҚАЖ комитеті таратқан ақпаратта.