Бюджет қаржысын букмекерлік кеңседе жұмсаған басшылардың ісі сотқа жолданды
Ақтөбе облысы прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттілігіне, соның ішінде букмекерлік кеңселерге жұмсаған. Аталған факті бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді», - делінген ақпаратта.
10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.