Оқиға

Бурабай кентіндегі өрттен 106 адам құтқарылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 6 тамыз сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

3 қабатты "Алматы" қонақүйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде  өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00-де сөндірілді.

-->