Оқиға

«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды

Астана мешітінде брендтік аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мешітте аяқ киім ұрлау фактісі бойынша полицияға қала тұрғыны жүгінген. Жұма намазына келген жәбірленуші қайтарда кроссовкасын таппай қалғанын хабарлаған. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 14:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан мешітке келгені белгілі болды. Келушілердің аяқ киімдерінің біріне көзі түскен күдікті ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, құны 800 мың теңге тұратын Stefano Richi брендінің кроссовкасын киіп кеткен.

-->