Атырау облысында 12 жасар бала суға батып қайтыс болды
Өткен тәулікте жабдықталмаған орындарда шомылу салдарынан елімізде 4 адам қайтыс болған, деп хабарлады Elorda.info ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болғандардың бірі - 2011 жылы туған бала. Қайғылы оқиға Атырау облысында тіркелген.
Мамандардың айтуынша, балалардың өліміне байланысты жағдайлар көбінесе жүзе алмау, белгісіз жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруына байланысты болып жататын көрінеді.
ТЖМ азаматтардан өзінің және өзгенің өмірі алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.
-->Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болғандардың бірі - 2011 жылы туған бала. Қайғылы оқиға Атырау облысында тіркелген.