Оқиға

«Бауырыма басқан бөлегім»: Тамара Асар өгей ұлына арнап әсерлі жазба қалдырды

Белгілі әнші Тамара Асар жұбайының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішердің қазасына өлең арнады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Өндірдей болған өренім,

Бауырыма басқан «бөлегім».

Құлағыңа сенің жетті ме,

Қапыда шыққан өлеңім…

Жұртшылық келдің жиылып,

Жұбатып жаттың қиылып.

Жұмаштың парлап көз жасы

Жүрегіме толды-ау құйылып.

Әлішер кеттің шалғайға,

Сен қайда бүгін, мен қайда?

Торқадай болып топырағың,

Иманың жолдас болғай да.

Дұғада күнде отырмын

Талай да әлі оқырмын.

Қаңқу сөз «өгей» десе де,

Қайырын сұрап отырмын.

Ардақты ағайын! Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп, рақметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ, артының қайырын сұраймыз. Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын! Дұғадамыз!» – деп жазды Тамара Асар.

Оқи отырыңыз: Белгілі әнші Тамара Асардың ұлы көз жұмды 

Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы Әлішер Ақтөбе қаласына тойға барып, оны көлік қағып өмірден өткен еді.