Оқиға

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Ведомство сымды интернет қызметтерінің бағасына талдау жасап, оператордың әрекетінен монополиялық жоғары баға қою белгілерін анықтаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылы 100, 200 және 500 Мбит/сек жылдамдықтағы интернет тарифтері шамамен 20%-ға қымбаттаған. Осыған байланысты компанияға қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу дерегі бойынша тергеу басталды.

Сонымен бірге ұялы байланыс нарығында да бағаны негізсіз көтеру белгілері тіркелген. Қазір агенттік ұялы байланыс операторына қатысты да тергеу жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.