Оқиға

БҚО-да ер адам жанармай бекетінде жүргендерге шабуыл жасады

Оқиға 30 мамырға қараған түні БҚО-ның Бөрілі ауданындағы жанармай құю бекетінің аумағында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бейнежазбада белгісіз ер адам қолынаара ұстап, сол жерде жүрген адамдарға шабуыл жасамақ болған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында 1989 жылы туған азамат ұсталған.

«Қазіргі уақытта ол Орталықтандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар орталығына қамалды, азамат Т. Батыс Қазақстан облысы бойынша Облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешіліп жатыр», - делінген хабарламасында.