Оқиға

Елордада бүгін 100-ге жуық жол апаты тіркелді

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 100 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Таңертеңнен бері  елорда аумағында жүзге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа-райының нашарлауына байланысты Астана қаласының полиция департаменті жеке көлікпен жолға шыққанда ауа райының қолайсыздығы мен қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты ескеруге шақырады. Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін көлік құралдарын жол жиегінде қалдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген ақпаратта.