Азаматтарды қажылыққа апарамын деп алдаған турфирма басшысы ұсталды
ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Elorda.info
Күдікті қажылық жасауға берілген визаны растайтын жалған сайт жасап адамдарды сендірген.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.
-->Күдікті қажылық жасауға берілген визаны растайтын жалған сайт жасап адамдарды сендірген.
Тергеу нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді. Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды, - деді ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Балабек Бекболатов.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.