Оқиға

Қазақ-өзбек шекарасында 450 метрлік туннель табылды

Прокуратура мен ҰҚК қызметкерлері Өзбекстанстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыстық топты анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олар қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель қазған.

Екі айдай уақыт ішінде туннель арқылы күн сайын 5-7 тонна жанар-жағармай контрабандалық жолмен тасылған.

Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.