«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Бесінші кеншінің денесі табылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында жер астында қалып қойған 5 жұмысшының да денелері табылды, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік ТЖ салдарынан қаза тапқандардың аты-жөндерін жариялады:
Еске сала кетейік 17 тамыз күні аталған шахтадан өрт шыққан болатын. Оқыс оқиға болған кезде жер астында 227 кенші болған. Осыған дейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, қалғандары іздестіріліп жатқандығы айтылған. Одан кейін, жер астында қалып қойған өзге кеншілердің денелері табыла бастады.
-->Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жер астында өрт шыққан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында құтқарушылар қаза тапқан бес адамның денесін тапты, - деп жазды әкімдіктің сайты.
Әкімдік ТЖ салдарынан қаза тапқандардың аты-жөндерін жариялады:
- Виталий Владимирович Слюньков, 1965 ж. т.;
- Виктор Сергеевич Бургун, 1966 ж. т.;
- Илья Александрович Старовойт, 1996 ж. т.;
- Артур Ринатович Халиков, 1994 ж. т.;
- Денис Геннадьевич Стешин, 1978 ж. т.
Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады,-делінген ақпаратта. .