Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Бүгін таңертең Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 08:40-та жер сілкінісі тіркелді.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы – 4,4. Энергетикалық класы – K=9,5.
Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде мәлімет жоқ.