Оқиға

Қазақстанға пайдаланылған көлік шиналары заңсыз тасымалданған

Қазақстанда пайдаланылған көлік шиналарын заңсыз тасымалданған, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қазыметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр сәуірден маусым айына дейін Бас көлік прокуратурасы ел аумағындағы өңірлердің бірінен 159 заңсыз көлік шиналарын доңғалақ дискілермен бірге тасымалданғанын анықтаған, жалпы салмағы 1,5 мың тонна. Сондай-ақ басқа өңірде былтыр дәл осындай 200-ден астам құралдардың тасымалдағаны анықталған.

«Осындай шиналар бұл қауіпті қалдықтар болып саналады, олардың қолданысы жол қауіпсіздігі және қоршаған ортаға зиянын тигізеді», -  деп мәлімдеді қадағалау органы.

Прокуратураның араласуынан кейін Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістері бақылауды арттырып, тиісті шаралар қабылдады.

Сара Қамзаева