Оқиға

Айыпталушының адвокаты Шерзат пен Нұрқанат және Қаржаубайдың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова жәбірленушілер Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева, Жұмабике Кадированың тергеу барасында берген жауаптары әртүрлі екенін айтты. 

«Жәбірленушілердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жауап беру кезіндегі жауаптары біртектес емес. Жәбірленушілер Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева, Жұмабике Кадирова сот отырысы барысында және сот тергеуі кезінде берген жауаптары толығымен қарама-қайшы. Сонымен қатар әрбір айыпталушымен беттестіру кезінде оларға барынша айып тағуға тырысты»,- деді адвокат.

Осылайша ол марқұм Шерзат Полат пен Нұрқанат Ғайыпбаевтың және Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады.

«Сот тергеу кезінде анықталып, қазіргі кезде жәбірленуші тараптың заңды өкілі Мейірман Шекеев те қазір жарыссөзінде расында да атыс қаруын қорғауындағы тұлғалардың қолданғанын растап өтті және бейнежазбалармен Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен 3 рет пышақты бірінші рет алып шығып, қолданғанын ескеріп, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды сұраймын, – деді адвокат Гаухар Баймұханова.