Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.
- Барлық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел тергеу топтары құрылды, - делінген ақпаратта.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.