Оқиға

Атырауда жүргізушілердің кесірінен акушер қаза тапты

Атырауда жүргізушілердің кесірінен акушер қаза тапты.

«АЖ» Атырау облыстық полиция департаментіне жолдаған сауалына жауап алды. Ондағы мәлімет бойынша, 30 жыл акушер болып қызмет еткен дәрігер Атырау қаласына жедел жәрдем бригадасымен бірге жедел түрде жүкті әйелді жеткізіп, ауданға кері қайтып келе жатқан.  

Тексеру барысында Газель автокөлігінің жүргізушісі ӘҚБтК-нің 590 және 593-баптары  бойынша жол-көлік ережесін бұзғаны белгілі болды. 

Жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылғы жүргізушісі де осы баптар бойынша жауапқа тартылды. Осыған дейін ол «Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту» бабы бойынша  жауапкершілікке тартылған. 

-->

Көлік апаты Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымында болды. Төрт автокөлік соқтығысқан.  1995 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан Газель автокөлігі жедел жәрдем автокөлігімен және 1993 жылғы азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio-ға  соғылған. Соның салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы акушер оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.      