Оқиға

Атыраудағы өрт: әуеден барлау кезінде 5 ошақ анықталды

Жергілікті тұрғындардың күйік иісіне шағымдануы жиілей түскен соң жергілікті ТЖД Каспий теңізінің жағалау аумағына қосымша әуе барлау жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, барлау нәтижесінде теңіз жағалауында 5 жану ошағы табылды. Өрт алаңы  5 га., өрттің жалпы аумағы 10 га-ны құрайды.

Сонымен қатар, өрт ошағының айналасындағы  жерді жырту арқылы тілсіз жауды тоқтату мақсатында К700 техникалары тартылатын болады.

Бұл күнде тілсіз жауды сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 17 бірлік техника қатысуда.

-->

"Өрт болған аумақ иесіз. Желдің бағыты  теңізге қарай. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.