Оқиға

Атырауда​ ит аулайтын мекеме табылмай жатыр

Өңірде қаңғыбас иттерге қатысты жағдай ушығып барады, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Ал Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Атырау қаласы бойынша иесіз иттерді аулауға тендер жарияланғанымен, әлі де мердігер анықталмаған.

«Қазіргі кезде Исатай, Индер, Махамбет, Мақат, Құрманғазы аудандары бойынша жеңімпаз анықталып, ит аулау жұмыстары басталды», - деді басқармадан. 

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, Исатай, Индер, Махамбет, Құрманғазы аудандары бойынша қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын «Forward Star» ЖШС ұтып алған. Ал, Мақат ауданындағы жұмыстарды «Green Qurlys Qyzmet» ЖШС атқарады. Қызылқоға мен Жылыой ауданы бойынша ешкім қызығушылық танытпаған. Ал Атырау қаласы бойынша ақпан айының басында екінші рет конкурсқа шығарылды. Қала бойынша қаңғыбас иттерді аулауға 42 млн теңге бөлінген. 

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында ит аулауға 71 миллион теңге бөлінген болатын.