Оқиға

Атырау облысында түрме қызметкерлері қателесіп басқа сотталушыны бостандыққа жіберген

Атырау облысындағы тергеу изоляторында мерзімі аяқталған сотталушының орнына басқа адам бостандыққа шыққан. Оған сотталушылардың ұқсас тегі себеп болған, деп хабарлады Elordainfo.kz «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап

Белгілі болғандай, сотталушыны босату құжаттарын рәсімдеу кезінде басқа адамның мәліметтері жазылған. Ал құжаттарға тергеу изоляторының бірнеше басшылары қол қойған соң, басқа адам изолятордан шыққан.

Түрме қызметкерлері қателікті анықтаған кезде, ер адам қайтадан изоляторға қайтарылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, бүгінде түрме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Қызметкердің қателігі салдарынан сотталған адамның мерзімінен бұрын босату құжаты рәсімделді. Құқық бұзушылық уақтылы анықталды. Сотталған адам түзету мекемесінде қайтарылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізілуде. Жауапты лауазымды тұлғалар заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады»,- делінген ҚАЖД хабарламасында. 

Оқиға орнында полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері тексеру шараларын жүргізіп жатыр.