Оқиға

Астананың сол жағалауында шағын автобус отқа оранды

Бүгін Астананың  «Есіл» ауданында Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында шағын автобус отқа оранды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өртті 9 минутта толықтай сөндірді.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.