Астаналық жігіт дүкеннен төрт бума жөргек ұрлап кеткен
Астаналық 19 жастағы азамат дүкеннен балаларға арналған жөргек ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 19 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Камерада жас жігіттің сөреден нәресте жөргегін ұрлап, қойма арқылы шыққаны анық көрінеді. Елордалық тұрғын ұрланған заттарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатқан.
Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, аталған азамат кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
-->Астана қаласының тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 19 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында жас жігіт сағат 17:30 шамасында Иманов көшесіндегі супермаркетте болғаны белгілі болды. Дүкенде сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден 4 бума нәресте жөргектерін алып, дүкеннің артқы есігінен қашып кеткен. Алайда оның айла жасап, ұрлыққа барған әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - делінген хабарламада.