Астаналық құтқарушылар өрттен үш газ баллонын алып шықты (ВИДЕО)
Бүгін Астана қаласының «Байқоңыр» ауданындағы уақытша құрылыстың шатырында және бір бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрттің жалпы ауданы 60 ш.м. құрады.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді.
«Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үш газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.