Оқиға

Астаналық өрт сөндірушілер жанып жатқан автокөлікті сөндірді

Бүгін Астанада Х.Доспанова көшесі бойында автотұрақта жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылар көлікті басқа автокөліктерден алшақтатып, шақыру түскен сәттен бастап 12 минут ішінде сөндірді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.