Астаналық өрт сөндірушілер 15 адамды эвакуациялады
Бүгін Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы Таха Хусейн көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Шақыру орнына барған өрт сөндірушілер 20 ш.м. алаңдағы өртті жедел сөндірді. ТЖМ күштерімен түтінді аймақтан 15 тұрғын эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа 11 газ баллоны шығарылды, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.