Астаналық полицейлер алаяқтыққа қатысы бар екі ресейлік күдіктіні ұстады (ВИДЕО)
ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттерінің үйлестіруімен Астанада ұялы байланыспен заңсыз қитұрқы әрекет жасауға қатысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тінту барысында күдіктілерден республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған 2 SIM-box құрылғысы, қазақстандық мобильді операторлардың 2 мыңнан астам SIM-карта, ноутбуктер, роутерлер, пайдаланушылардың нақты орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін маршрутизаторлар табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды.