Астанада жиһаз цехынан өрт шықты
Астананың «Байқоңыр» ауданы Ақсай көшесі бойындағы бөлек тұрған жиһаз цехының ғимаратында жинақталған қоқыс пен станоктар өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі күштері аз уақытта 40 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, министрлік өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады.