Астанада жеке тұрғын үй отқа оранды
Өрт сөндірушілер оқиға болған Ақсу-Аюлы көшесіндегі мекенжайға 6 минутта жетті.
Құтқарушылар жеке үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Оқиға орнына өрт сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 42 адамы және 9 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 17:07-де ауыздықталды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
-->Құтқарушылар жеке үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Оқиға орнына өрт сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 42 адамы және 9 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 17:07-де ауыздықталды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.