Оқиға

Астанадағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты

Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында орналасқан мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.   

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Есіл» ауданы Мәңгілік Ел даңғылындағы мейрамхананың ас бөлмесіндегі қуырғышта май жанған.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

«Өрт сөндіруде қатты түтін, автокөліктер және тар жолдармен жүруде қиындық болды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.