Оқиға

Астанадағы бизнес-орталықтардың бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

Астанада М.Нәрікбаев көшесіндегі 10 қабатты бизнес-орталық ғимаратының сыртқы қаптамасы жанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жедел жеткен құтқарушылар ғимарат ішіне өрттің таралуына жол бермей, өртті тез арада оқшаулады.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бизнес-орталықтан адамдар өз бетінше далаға шықты.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.