Оқиға

Астанада тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты

Астанда екіпәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлады Еlorda.info

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесі, 25 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт болып жатқанын анықтаған. 

өрт уй.jpg

Олар жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, ол улы газбен орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылы туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапқан. 

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілді.

-->