Оқиға

Астанада «Сарыарқа» сауда орталығында өрт шықты (ФОТО, ВИДЕО)

Астана қаласының өрт сөндірушілері «Сарыарқа» сауда орталығынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің ауданы шамамен 100 шаршы метр болған.

«Өрт 2 қабатты қосымша ғимаратта шықты. Құрылыс материалдарын талдау жұмысы жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 10 техника және 50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды.