Оқиға

Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Астанада өрт сөндіру қызметінің көлігі бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Астана қаласының Полиция департаменті жол апаты салдарынан адам қаза тапқан көлік құралын басқарушының жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанына қарамай, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысынан өтіп кетпек болған. Осы кезде ол Kia маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жапа шеккен көлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін алған жарақаттарынан 52 жастағы жолаушы әйел көз жұмды», - делінген хабарламада.