Астанада қоқыс полигоны өртенді
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға 28 шілде күні кешке «Байқоңыр» ауданы Алаш тасжолы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған.
Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД және ЖАО күштері жұмылдырылды. 1 200 шаршы метр аумақ оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.