Оқиға

Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.