Оқиға

Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген ана білдіртпей есірткі жарнамалаған

Астананың көшесінде есірткіні жарнамалайтын 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды. Ол QR-кодтары бар стикерлер таратқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабытырған. 

Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.