Оқиға

Астанада көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген баланы жүк көлігі қағып кетті

Қайғылы оқиға сәрсенбі, 23 сәуірде «Капитал Парк» тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, DongFeng маркалы автокөлігін басқарған 38 жастағы жүргізуші аула аумағындағы Әл-Фараби көшесінде маневр жасаудың қауіпсіздігіне көз жеткізбей, алты жасар велосипедшіні қағып кеткен.

«Оқиға нәтижесінде бала ауруханаға жеткізілді, онда ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Кәмелетке толмаған баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге аулалар мен тұрғын аудандарда қозғалыс кезінде барынша қырағылық сақтап, жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.