Оқиға

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Астанадағы Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 9-шы қабатынан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылар өртті үйдің басқа орын-жайларына таратпай, алғашқы кезеңінде жедел түрде сөндірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан балкондарды киіммен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және басқа заттармен толтырмауды өтінеді.