Оқиға

Астанада ер адам тірі ата-анасының «жаназасына» әріптестерінен ақша жинаған

Астанада әріптестерінен ата-анасының қайтыс болғанын айтып, ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеріс барысында ер адамның ата-анасы тірі және дені сау екені анықталған.

«Ол жұмыс орнындағы әріптестеріне әуелі әкесі, кейін анасы қайтыс болғанын хабарлап, жерлеу үшін қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Адамдардың сеніміне кіріп, мейірімін пайдаланып ақшаны иемденген», – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамның кемінде 10 адамды осылай алдағанын атап өтті. Қазір күдіктінің ісі бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.