Астанада ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлаған
Астанада ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
-->Ол сенімді әрекет жасап, дүкенге кірісімен күлімсіреп амандасып, арам ойын білдірмеуге тырысқан. Оның аңқылдаған түрін көрген сатушылар науқас балаларға арналған қайырымдылық қорабын ұрлайды деп тіптен ойламаған. Түскен арыздың желісімен тергеушілер 62 жастағы ер адамды анықтады. Оның Астанада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қазиханов.
Белгілі болғандай ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.